Бүгін оқу аптасының басталуы «Менің Қазақстаным» дәстүрлі іс-шарасымен өрбіді. Білім алушылар алғашқы тоқсанның бірінші аптасында Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, туған елге деген мақтаныш сезімін жүректерінде тағы бір мәрте жаңғыртты. Сыныптарға кезекшілік тағайындалып, аудандық байқауларда орын алған оқушылар марапатталды.


