Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай 2-3 А сыныптар арасында Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: "Көк тудың желбірегені" атты сынып сағаттары өткізілді.
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай 2-3 А сыныптар арасында Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: "Көк тудың желбірегені" атты сынып сағаттары өткізілді. Өткізген: Бекежан С.
Мақсаты: Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Тәрбие құндылықтары:ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу.
АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету.
ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, сыни және креативті ойлау.

