сәуір күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангелді М, мектеп медбикесі Стакаева Н.С және мектеп психологы Кузубаева Г.О 7-11 сынып қыздарының қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу.
АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету.
ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, сыни және креативті ойлау.