Сынып сағаттары: Цифрлық ортадағы қауіпсіздік және жауапкершілік
Мектебімізде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және желідегі жауапкершілігін дамыту мақсатында «Цифрлық ортадағы қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілердегі әдеп нормаларын сақтау, кибербуллингтің алдын алу және жалған ақпаратты ажырату мәселелері бойынша маңызды мәліметтер алды.
Түрлі жағдаяттарды талқылау арқылы оқушылар цифрлық кеңістікте әрбір әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсінді.



