Құқық бұзушылық пен кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында 2023 жылдың 19 қыркүйекте мектеп оқушыларымен Аршалы ауданы бойынша ЖПҚ ҚБ учаскелік полиция инспекторы лейтенанты Н. Мусабеков және лейтенант Шукембаев Д мен кездесу ұйымдастырылды. Полиция инспекторы оқушылармен әңгіме барысында балаларға жолда жүру ережелерін еске түсіріп, «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын демалыс орындарында тәртіп ережелерін қатаң сақтауды ұсынды. Ол мектеп оқушыларына ішімдік пен темекінің зиянын еске салып, осы тәуелділіктердің зиянды жақтарын түсіндіре кетті. Әңгіме барысында балалар инспекторды зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.