«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылындағы «Қамқорлық Кеңесін» құру туралы отырыстың хаттамасы
Хаттама №1
Отырыс өтілген күн: 18.09.2023 Сағат 17.00-де
Отырыс өтілген орын: «Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»» КММ
Отырысқа қатысқандар: Ата-аналар-30
Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселе:
1. «Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»» КММ
мектебінде «Қамқорлық Кеңесін»құру және ұйымдастыру.
2. «Қамқорлық Кеңесінің» мақсаты мен,міндетін айқындау.
1. Бүгінгі күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Терликбай Жомарт сөз алды.
Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланған, жұмысын жалғастыру жөнінде тоқталды. Жаңа оқу жылына 2023-2024 оқу жылына жаңа құрам сайлау керектігі айтылып, жоспар құру керектігіне тоқталды.
2. Ата-аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес туралы ереженің жаңа редакциясымен таныстырылды.
Қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың типтік ережелеріндегі 5 тараудың әр тармақтарына енгізілген ұсыныстар мен салыстармалар жөнінде айтты.
Сонымен бірге қамқоршылық кеңесінің мүшелері де анықталып, қамқоршылық кеңесінің мүшелері біріккен түрде мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымын тағайындауды қарастырып, бір ауыздан Мухаметрахимова А.М қамқоршылық кеңесі төрайымы деп тағайындады. Сонымен бірге қамқоршылық кеңесінің мүшелері де анықталып, қамқоршылық кенес мүшелері тағайындалды.
Отырысқа қатысқан мектеп және ауыл әкімшілігі бірлесе отырып төмендегі ауыл азаматтарын «Қамқорлық Кеңесінің» мүшелері етіп тағайындады.
«Қамқорлық Кеңесінің» құрамы:
1.Төрайымы - Мухаметрахимова А.М ата-аналар комитетінің төрайымы
Мүшелері:
2.Слам Зоя. Үй шаруасында
3.Трефилова З.К –тәрбиешінің көмекшісі
4.Кызған Еркегүл –Үй шаруасында
5.Бородулина Татьяна Владимировна.В-.Үй шаруасында
6.Дакен Гулайша –Үй шаруасында
7.Орумбаева Мейрамкуль-әкішілікте хатшы
8. Агаева Лилия Алиевна- педагог ардагер
9. Айвек Еркеғали- өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі
Шешімі: Отырысқа қатысушылар жоғарыдағы ауылдың жанашыр азаматтары мен азаматшаларын «Қамқорлық Кеңесінің» құрамы болуға лайық деп танып бірауыздан келісті.
Хатшы: Сәрсенбетова А.Д