Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35-жыл

15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен толықтай шыққанына 35-жыл толуына орай мектебімізде ардагерлермен кездесу өтті. Іс-шараға ауыл әкімі және ардагерлеріміз келіп қатысты. Мектеп директоры Даирова Г. С мен ауыл әкімі Мухаметрахимов А. С. ардагерлерімізді мерекмен құттықтады. Оқушылар дайындаған мерекелік іс-шараны тамашалап, ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті. Іс-шара соңында батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Амантаев Т. С. ұйымдастырумен естелік сыйлықтар тарту етілді
#ауғансоғыс35жыл
#біртұтастәрбие