«Буллинг және кибербуллинг – қоғам дерті»

Мектептің әлеуметтік педагогы Абил Нургул 9-сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тәрбиелік сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы түсінік қалыптастыру, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарауға, мейірімділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар буллингтің түрлері, оның адам психологиясына тигізетін кері әсері, интернеттегі қауіпсіздік және кибербуллингтен қорғану жолдары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты.