Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің, Жаңа жыл!» шыршасы өтті.
Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің, Жаңа жыл!» шыршасы өтті. Балақайларға қонаққа ертегі кейіпкерлері: мыстан кемпір, Аяз Ата мен Ақшақар келіп, керемет көңіл-күй сыйлады. "Үздік киім", "Үздік өнер", "Үздік қолөнер" номинациялары бойынша сыныптар марапатталды. Іс-шара соңында балалар Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, сыйлық алды.