Текст
"Мамандық таңдау- маңызды іс" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен директордың тәрбие ісі орынбасары Амангелді М мен мектеп психологы Кузубаева Г.О іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.