2017 жылдың 12
қазанында Ақмола облысы Білім басқарамасының басшысы Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы
Аршалы ауданындағы «Жалпы білім беретін Сарыоба орта мектебі» ММ жұмыс
сапарымен келді.
Жүнісов Т.Т.
мектептегі оқу кабинеттері, муьтимедиялық және интерактивті тақта орнатылған
кабинеттерді, спорт залын,асхана және жылу беру орнын аралады. Сонымен қатар
Талғат Тұрлыбекұлы мен оқушылар, мектеп
ұжымы арасында Білім Ленд бағдарламасы және жаңартылған білім мазмұны бойынша
толғандырған мәселелер туралы сөз қозғалды. Мектеп директоры Татьяна Анатольевнаның айтуы бойынша ауылдағы интернет желісінің
жоқтығы және жаңартылған білім мазмұны бойынша 5,7 сыныптардағы кейбір
оқулықтардың жеткіліксіз екендігін сөзге тиек етті.
Сондай-ақ Талғат
Тұрлыбекұлы ҚР Елбасының «Үшінші
Қазақстандық модернизация» Жодауын түсіндіру мақсатында Сараба селолық округ
тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға
жауап берілді.