Текст
2.10.2019 күні мектебімізде қарттар күні мерекесі өтті. Оған ауылымыздың ат-әжелеріне арнайы шақыру беріп шақырдық. Мектеп оқушылары ата-әжелеріне арнап мерекелік концерт өткізді. Қазақ, орыс сыныптары ата-әжелеріне әннен шашу шашып, би билеп, өлең оқып, көрініс көрсетті. Мереке соңында мерекелік дастархан жайып, ата-аәжелірдің ақ батасын алды. Қарттарымыз оқушыларға риза болып алғыстарын айтты.