15.02.2024
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Яғни адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Бұл мерекенің мақсаты : барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылылық пен мейірімге толы лебіздер айтып,сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырманы бастауыш сынып мұғалім Бекежан С. өзінің кітапхана қорынан мектеп кітапханасына кітап сыйлады.