«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні»

30.04.2020

Тақырыбы: 1 Мамыр - Ынтымақ күні  "Бір шаңырақ астында"

 

Мақсаты:

        Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Мүғалім: /Қысқа ақпарат беріліп өтті. Видеоролик/

 

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Кезекті оқушыларға берейік!

 

 Өмірбек Бақытбол:

 

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі

Мыңбай Жігер:

«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді.

Берікбол Гауһар:

Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. "Бір шаңырақ астында" барша ұлттар тату-тәтті ғұмыр кеше берейік!

Аманбек Аяулым:

Әр ұлт бір-бір уықтай болып шаңырағымызды биікке көтерейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақытхан Жоламан:

 

 

 

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым

Батыржан Бейімбет:

 

   Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Бақытхан Жұлдыз:

 

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

Айдос Құралай:

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

 

 

 

Тілеубек Дәулет:

 

Бірінші мамыр достық күні,бірлік күні

Ұлттардың қосылатын басты күні

Бір ұлт болып,бір жерде бірігеміз

Бір елде мәңгі өмір сүреміз.  

Өмірбекқыз Шұғыла:

 

Бірлік достық айырылмас әніміз

Бірге жүріп,бірге оны шырқаймыз

Өзбек,орыс,түрік бол

Дос болудан қашпаймыз.

Әбірекұлы Әл-фараби:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Жасампаз жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.

Серікқызы Әлия:

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз әділдік!

Манарбек Нұрымжан:

 

Ашық болсын кең аспан!

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бердімұрат Арайлым:

 

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Сұлтан Інжу:

Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

Достық туымыз,

Достық әніміз.

Берікбол Ақтілек:

Дос болып түрлі халықтар,

Жасайтұғын ғасырмын.

Бақыт шымын әлемге

Ұмытылмас асылмын.

Шағанбай Мәди:

Бір шаңырақ астында бәріміз бірге өмір сүреміз!

Сейітхан Аңсар:

Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Бір шаңырақ астында" атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Хабдуахит Темерлан:

Мерекелеріңіз құтты болсын

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст