11.02.2025
31 қаңтар күні ауданымыздың Балалар шығармашылығы орталығында Республикалық " М. Мақатаев оқуының" аудандық кезеңі болып өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің 7- сынып оқушысы Айбек Иманғали қатысып, " Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша 1- орын иеленіп, " М. Мақатаев оқуының" облыстық кезеңіне жолдама алды. Дайындаған жетекшісі: Дайрова Г. С.
Сайыста жоғары табысқа жетіп таланты мен дарынын көрсеткен шәкіртіміз Айбек Иманғалиға облыстық сайыста да бас жүлде алуын тілеп жетекшісі Дайрова Гүлнар Сапарқызына осындай дарынды шәкірт тәрбиелеп дайындағанына алғыс білдіріп еңбегінен жеміс күтіп, шәкіртіне шығармашылық табыс тілейміз.