Текст
"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай көңілді мерекелік іс-шара өтті. Балалар ән шырқап, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, ерекше көңіл күй сыйлады. Ауылымыздың кәсіпкерлері мен дүкен иелері демеушілік танытып, балаларға тәттілер мен сыйлықтар тарту етті. Мереке балалар үшін жарқын естеліктерге толы күн болды. Бүлдіршіндердің күлкісі – біздің ең үлкен сыйлығымыз!