Текст
01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні! Осы айтулы мерекеге орай мектебімізде балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар ән шырқап, көңілді флешмоб билеп, мектеп ауласында асфальтқа әсем суреттер салып, өз өнерлері мен қиялдарын көрсетті. Мерекенің ерекше өтуіне ауылымыздың «Көктем» және «Бүркіт» дүкендері демеушілік жасап, балаларға тәтті балмұздақтар мен ойыншықтар тарту етті. Бұл сыйлықтар балалардың қуанышын еселей түсті. Мектебіміздің ұжымы атынан мерекеге қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған «Көктем» және «Бүркіт» дүкендерінің иелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Балаларымыз әрқашан бақытты болып, күлкілері үзілмесін! Болашағымыз жарқын, еліміздің ертеңі аман болсын!