Қамқоршылық кеңес отырысының №3 хаттамасы
Күні:05.05.2020ж
Қатысқандар:
Мектеп директоры: Даирова Г.С
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Күн тәртібінде:
1.«Қауіпсіз жаз» жазғы кезеңде оқушылардың бос уақытының ұйымдастырылуы.
2. Қамқоршылық кеңесінің бір жылдық жұмысының талдауы.
3.Соңғы қоңырау жиынын ұйымдастыруға жәрдемдесу.
Қаралды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Даирова Г.С сөз алып, жазғы уақыттардағы білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесін қозғады. Қамқорлық кеңесінің төрайымы Хусайнова М мектеп бойынша көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың бар екендігі, тіпті солардың ішінде тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың көмекке зәру екендігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Қамқорлық кеңесінің төрайымы Хусайнова М соңғы қоңырау жиынын ұйымдастыруға жәрдемдесу, мектептің үздік оқушыларын ынталандыру- Қамқорлық кеңесінің жұмысының басты міндеттерінің бірі екендігін кеңес мүшелеріне айтып өтіп, аталмыш іс-шараның өз деңгейінде атап өтілуіне ат салысу керектігін айтты. 2019-2020 оқу жылында мектеп бойынша дарынды, үлгілі оқушыларды ынталандыру мақсатында марапаттау мәселесі қозғалды. Ашық дауыс беру жолымен Қамқоршылық кеңес мүшелерінің көпшілік дауысқа салу нәтижесінде төмендегідей шешімдер қабылданды.
Шешім:
1. Сынып жетекшілері 2020 жылғы 15 мамырға дейін жолдар мен көшелерде қауіпсіз өзін-өзі ұстай білу, өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау, су қоймаларында ұстаным ережелері, дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмектерді пайдаланбау, ішімдік, токсикалық заттарды қолданбау, ата-аналардың және ересектер қолдауынсыз сағат 21.30 - дан кейін көшелерге жүруге тыйым салынғаны туралы оқушылармен өткізсін.
1. Сынып жетекшілері 2020 жылдың 23 мамырға дейін қауіпсіздік техникасы және жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ата-аналардың жауапкершілігі жөнінде нұсқаулық өткізсін.
2. Директордың орынбасары Амангелді М жазғы кезеңде мектеп лагерінде жұмыс жасайтын мұғалімдермен бірлесіп 25 мамырға дейініс-шаралар жоспарын әзірлесін.
3. Көмек көрсету үшін қажетті әлеуметтік аз қорғалған санаттар оқушыларына құжаттар тізбесіне сәйкес материалдық көмек көрсету туралы ақпарат назарға алынсын.
4. Соңғы қоңырау, үздіктер шеруі өткізіліп, үздік оқушылар грамоталармен марапатталсын.
Қамқорлық кеңесінің төрайымы: Хусайнова М
Хатшы: Шукенова Н.А