Мамандық таңдау –өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
"Жасөспірімдерге кәсіптік бағыт бағдар беру" бойынша мектеп әлеуметтік педагогі Бекежан Д мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангелді М 9-сынып оқушыларына "Мамандық таңдау өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау" атты тақырыпта іс-шара өткізді. Сабақта оқушылар мамандық таңдау адам өмірі үшін маңызы зор екенін, мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігін талқыға салды.Әр оқушы өзінің қандай мамандық иесі болғысы келетінін айтып, өз ойларымен бөлісті.