Сарыоба орта мектебінің гуманитарлық пәндер ӘБ мұғалімдерінің
2016-2017 оқу жылында атқарған
жұмыстары туралы есебі.
2016-2017 оқу жылында ӘБ құрамында 8
мұғалім жұмыс жасады. Олар: Ауғанбай Ж, Даирова Г.С, Энграф Т.А, Силам Е,
Орумбаева Ш.К, Өней А, Умбетов А.Ә, Семиношко О.А.
Мұғалімдердің 1-жоғары санатты, 4 мұғалім-1
санатты, 3 мұғалім 2-санатты ӘБ мүшелері оқу жылының басынан бастап,
жоспарланған жұмыстарын уақытында өткізді. Қыркүйек айынан желтоқсанға дейінгі
жарты жылдықта ашық сабақтар, баяндамалар мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар
жоспарланған кесте бойынша өткізіліп,ӘБ есебі беріліп отырды. Енді осы оқу
жылының І жарты жылдығында атқарған жұмыстарға толық тоқталатын болсақ: жыл
басында қыркүйек айының ортасында республика бойынша өткізілетін дәстүрлі
«Қазақстан халықтары тілдері» айлығына біздің ұстаздарда белсене атсалысып
мектепте әртүрлі іс-шаралар өткізді. Бұл жұмыстардың барлығы да жоспармен
кестеге сай уақытында жүргізіліп есебі ӘБ тапсырылды. Мәселен: мұғалім Жұмай
Ауғанбайұлы 5-11 сыныптар арасында «Сөз мерген» сайысын өткізсе, мұғалім
Семиношко О.А орыс сыныптары арасында «КВН русского языка» ойынын сайыс түрінде
өткізді. Мұғалім Өней А. Орыс сыныптары оқушылары арасында «Қызықты грамматика»
ойынын, Энграф Т.А «Викторина», Орумбаева Ш.К «Интеклектуальная игра русского
языка» сайысын, мұғалім Умбетов А.Ә «Мен үш тілде сөйлеймін» атты сайысын өткізді.
Сайыс орыс және қазақ сыныптары оқушыларының арасында ойын түрінде өткізілді.
Қазақстан халықтары тілдері айлығын мұғалім Даирова Г.С «Тілім-тірегім» атты
кеңейтілген мерекелік концерт түрінде өткізді. Айлық іс-шараларға белсенді
қатысқан сыныптар мен оқушылар ынталандырылып марапаталды.
ӘБ жылдық жұмыс жоспары бойынша қазан айында
қазақ тілін оқытудың мектепшілік бақылау айлығы өтті. Бұл жұмысты оқу ісінің
меңгерушісі мен ӘБ жетекшісі бірлесе отырып жоспар құрып өткізді. Айлық жұмыста
3 мұғалім Жұмай Ауғанбайұлы, Даирова Г.С, Өней А жұмыс жасады. Оқу ісінің
меңгерушісі әр сыныпта қазақ тілінің оқытылу жағдайын бақылап сабақтарға
қатысып, талдау жасап отырды. Бұл айлықта мұғалім Жұмай Ауғанбайұлы 9 сыныпта
әдебиет пәнінен «Махамбет өлеңдерінің идеялық-тақырыптық бағдары» атты ашық
сабақ өткізді. «Ана тілім- ажарым» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мұғалім
Өней А 7-орыс сыныбында «Сыйлықтар» атты ашық сабақ «Қазақшаңыз қалай?» атты
іс-шара өткізді. Мұғалім Даирова Г.С 4 орыс сыныбында «Сүт тағамдары» атты ашық
сабақ, «Сыр сандықты ашып қара...» атты әдеби кеш өткізді. Өткізілген
жоғарыдағы іс-шараларға ӘБ мүшелері түгел қатысып, талдап отырды. Жұмыс жоспары
бойынша қазан айында ағылшын тілі мұғалімі Умбетов А,Ә «Оқушылардың ағылшын
тіліне қызығушылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқып талқыланды.
Қараша айында жұмыс жоспары кесте бойынша
өткізіліп, ашық сабақтар мен баяндамалар іс-шаралар жасалды. Мәселен: мұғалім
Умбетов А.Ә 8-сыныпта ашық сабақ өткізсе, Өней А. 5 орыс сыныбында «Астана»
атты ашық сабақ өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Силам Еркежан қараша айында
«Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мақсаты-жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу»
тақырыбында баяндама оқыды. Оны ӘБ мүшелері талқылап өз пікірлерін айтты.
Қараша айында мекетпшілік пән олимпиадасы өткізіліп қазақ тілі пәнінен 11-сынып
оқушысы Аймақ Қазыбек, ағылшын тілінен 9-сынып оқушысы Ермекова Жансая,
математика пәнінен 9-сынып оқушысы Еркежан Талғаттар мектепте үздік шығып
аудандық пән олимпиадасына қатысып келді. Қазан-қараша айларында 11-сынып
оқушысы Аймақ Қазыбек Ақмола облыстық «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының
қарттар мерекесіне орай өткізген «Менің – атам, менің - әжем» атты сырттай
конкурсына шығарма жазу аталымы бойынша қатысып, І дәрежелі диплом,
серификатпен марапатталды. Қараша айында оқушы Аймақ Қазыбек Республикалық
«Дарын» ҒПО, Республикалық Олимпиада орталығымен бірлесе өткізген қазақ тілі
мен әдебиетінің қашықтық олимпиадасына қатысып арнайы серификат алды. Бұл
қашықтық олимпиадаға қазақ тілі мұғалімі Жұмай Ауғанбайұлы қатысып серификат
алды. Қараша айында Аршалы аудандық білім бөлімі ұйымдастырып өткізген «Фариза
Фариза жан Фариза қыз.......» атты ақын Фариза Оңғарсынованы еске алуға
арналған конкурста 9-сынып оқушысы Кемолова Шұғыла Фаризаның сөздеріне жазылған
әндерді орындау номинациясы бойынша І орын иеленсе, 7-сынып оқушысы Косоногова
Анна табысты қатысқан үшін мақтау грамотасымен марапатталды.
Сыныптан тыс
тәрбие жұмысының жоспары бойынша қазан - қараша айларында мұғалім Орумбаева Ш.Қ
«Знание отрибутов государство» атты іс-шара, тарих пәнінің мұғалімі Силам Е
«Мәңгілік ел патриоттық актісі» атты іс-шара өткізді.
Желтоқсан айында орыс тілі мен тарих пәнінің оқытылуының мектепшілік
бақылау жұмысы жүргізілді. Бұл айлықты оқу ісінің меңгерушісі мен ӘБ жеткшісі
бірлесе отырып мұғалімдердің сабағына қатысып талдау жасады. Мұғалім Орумбаева
Ш.Қ 8-сыныпта «Жизнь и творческих путь А.С Пушкина», тарих пәнінен 9-сыныпта
«Учасники Казахстанцев ВО войне» атты ашық сабақ, «Казахстан-наши гордостьи»
атты викторина өткізді.
Желтоқсан айында Тұңғыш Президент
күніне арнап барлық сыныпта «Елін сүйген елбасы» тақырыбында шығармалар жазды.
Мұғалім Энграф Т.А «Русский язык в рамках обновление система оброзование РК»
атты баяндама оқыды. Осы айда еліміз бойынша кең көлемді тойлап өткізген ҚР Тәуелсіздігінің
25 жылдық мерекесі мектепте де өз деңгейінде аталып өткізілді. Әрбір сынып
жетекшілері Тәуелсіздік күніне орай сынып сағаттарын өткізді. Мұғалім Семиношко
О.А «Язык- мость дружбы»атты іс-шара, тарих пәнінің мұғалімі Силам Е. «25
жылдыққа тарту» тақырыбында викториналық ойын, Өней А «жан жүрегім Астана» атты
патриоттық әндер сайысын, мұғалім Жұмай Ауғанбайұлы «Желтоқсан
жаңғырығы»атты дөңгелек стол өткізді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар мектепте өз деңгейінде
өткізіліп қорытындыланды. Жалпы 2016-2017 оқу жылына жоспарланған жұмыстар І
жарты жылдық кестесі бойынша жақсы деңгейде өткізілді. Қалған жұмыстар (ашық
сабақтар, баяндамалар, іс-шаралар) ІІ жарты жылдықта қамтылып кесте бойынша
өткізілуі жоспарланды. Оқу жылының І жарты жылдығындағы пән мұғалімдерінің әр
сынып бойынша 1-2 тоқсандағы оқу үлгерімінің сапалық көрсеткіші мынадай:
І тоқсан: қазақ тілі (қазақ сыныптарда)
5-сынып –
50%, 6-сынып - 75%, 7-сынып - 77%, 8-сынып -50%
Әдебиет 5-сынып – 55%, 6-сынып -60%, 7-сынып - 70%, 8-сынып -66%,
9-сынып – 72% , 11-сынып - 70%
қазақ тілі (орыс сыныптарда)
2-сынып –
80%, 3-сынып - 70%, 4-сынып - 75%, 5-сынып -55%, 6-сынып – 33%, 7-сынып - 75%,
8-сынып - 50%, 9-сынып -33%, 10-сынып -50%.
Тарих(қазақ сыныптарда) 5-сынып – 70%, 6-сынып -75%, 7-сынып - 66%, 8-сынып -50%, 9-сынып – 63% ,
11-сынып - 63%
Тарих(орыс сыныптарда) 5-сынып – 50%, 6-сынып -60%, 7-сынып - 45%, 8-сынып -45%, 9-сынып –50% ,
10-сынып - 50%.
Орыс тілі (қазақ сыныптарда) 5-сынып – 70%, 6-сынып -55%, 7-сынып - 65%, 8-сынып -66%, 9-сынып – 50% ,
11-сынып - 75%
Орыс тілі (орыс сыныптарда) 5-сынып – 65%, 6-сынып -70%, 7-сынып - 75%, 8-сынып -50%, 9-сынып –55% ,
10-сынып - 60%.
Ағылшын тілі (қазақ сыныптарда) 2-сынып – 50%, 3-сынып -65%, 4-сынып - 65%, 5сынып -50%, 6-сынып – 50% ,
7-сынып - 55%,8-сынып -55%, 9-сынып – 50% , 11-сынып - 70%
Ағылшын тілі (орыс
сыныптарда) 2-сынып – 55%, 3-сынып -50%, 4-сынып - 60%, 5-сынып – 50%, 6-сынып -70%, 7-сынып -
65%, 8-сынып -60%, 9-сынып –70% , 10-сынып - 55%.
2016-2017 оқу жылының ІІ-жарты жылдығында ӘБ
мүшелерінің жауаптанған жұмыстарымен іс-шаралары жоспар бойынша өткізілді.
Қаңтар айында мұғалім Силам Е «Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мақсаты жастарды
отаншылдыққа тәрбиелеу» атты баяндамасын оқып талқылатты.
Ақпан айында мұғалім Даирова Г.С. 4-сыныпқа
«Астана» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Ал мұғалім Семиношко О.А. 5-сыныпқа
«Имя существительное» атты ашық сабақ өткізді.
Наурыз айына
жоспарланған мұғалім Ж.Ауғанбайұлының 9-сыныпқа өткізген «М.Әуезовтың өмірі
шығармашылығы» атты ашық сабағымен «Оқушы білімін тиянақтауда аралас сабақтың
пайдасы» атты баяндамасын ӘБ мүшелері талдады.
Анурыз айында Өней А жауаптанған «Армысың
әз-Наурыз» атты ауқымды іс-шараға барлық мұғалімдер белсене ат-салысты.
Осы наурыз айына жоспарланған бойынша Энграф
Т.А. «Русский язык в рамках обновление системе оброзавание РК» тақырыбындағы
баяндамасын оқып, ӘБ талқылады.
Сәуір айына жоспарланған мұғалім Силам Е
«Тәукеханның билік құруы» тақарыбындағы ашық сабағын өткізді.
Оқу жылының соңы мамыр айына жоспарлаған
көлемді іс-шара «Ұлы Жеңіске тағзым» атты Жеңістің 72 жылдығына арналған
іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Силам Е өткізіп, барлық мұғалім оқушылар
белсене қатысты. Оқу жылының ІІ-жартысында мұғалім Ж.Ауғанбайұлының шәкірттері
республикалық сырттай және қашықтық конкурстарға 5 рет қатысып, І дәрежелі
дипломмен марапатталды. Жалпы 2016-2017 оқу жылында гуманитарлық пәндер ӘБ
жоспарлы жұмыстары өз деңгейінде өткізілді.