«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сарыоба орта мектебінің І-жарты жылдықта өткен іс-шаралар есебі.

20.04.2017

Сарыоба орта мектебінің І-жарты жылдықта өткен іс-шаралар

есебі.

Білім және ғылым министрінің 22 сәуір 2015 ж.

№ 227 бұйрығының негізінде құрастырылды

 

Мақсаты: Жалпы адамзаттық

және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. 

Жаңа демократиялық

қоғамд аөмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына;тұлғаның саяси,

құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен

жастардың құқықтық санасының өсуіне,оның балалар мен жастар ортасындағы

қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал

ету.

2.  Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін,

оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген

моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.  Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға

бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын

этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4.  Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту

жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі

үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5.  Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық  ойлауы мен кәсіби

          қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге

асыруына саналы қарым-қатынасын         қалыптастыру,

экологиялық мәдениетін дамыту.

6.  Әрбір тұлғаның зияткерлік

мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін

және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік

кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық

мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

7. Білім беру

ұйымдарында көп мәдениетті орта құруға ықпал ету,

жалпы мәдени

мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық

нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.  Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене

дамуы мен

психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды

анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ

БАҒЫТТАРЫ

       Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар

тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық

бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық

патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие\ Гражданско-патриотическое, правовое воспитание

2.

Рухани-адамгершілік тәрбие \ Духовно-нравственное

воспитание

3. Ұлттық тәрбие

4.  

Отбасы тәрбиесі

5.  

Еңбек, экономикалық

және экологиялық тәрбие

6.  

Көп мәдениетті және

көркем-эстетикалық тәрбие

7.  

Зияткерлік тәрбие,

ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.  

Дене тәрбиесі,

салауатты өмір салты

Тәрбиенің

мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс

және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие

жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге,

қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан

байқалатын критерийлер ұсынылды.

 

 

 

 Сарыоба орта мектебінде «Мектепке

жол» атты акцияның аясында жүргізілген жұмыстар есебі.

2016-2017 оқу жылы

  1 тамыздан қыркүйектің  30-ы аралығында Сарыоба орта мектебінде  «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Қыркүйек айында: Биылғы 2016-2017 оқу жылында еліміз бойынша жүргізілген

«Мектепке жол» акциясы аясында Сарыоба орта мектебінде де тиісті жұмыстар

атқарылды. Ең алдымен селолық окург әкімшілігі мен ата-аналар комитеті, мектеп

әкімшілігі бірлесіп, арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына

мына адамдар кірді.

1.     Амантаева Ж-Сарыоба селолық округ

әкімінің бас маманы.

2.    

Мухамет

Клара

-Сарыоба орта мектебі директорының тәрбие ісі міндетін атқарушы.

3.     Шукенова С.Қ – Ата-аналар

комитетінің төрайымы.

   Комиссия мүшелері ең алдымен биыл 1-сыныпқа

баратын барлық балалардың үйлерін аралап, олармен танысты. Олардың алғашқы қоңырауға

дайындығын сұрап білді. Соның нәтижесінде ауылдағы көп балалы, аз қамтылған

отбасыларының кейбір балаларына тиісті көмек көрсетті. Ол үшін ауылдан

демеушілер іздеп, солардың көмегімен мектепке баратын балаларға киім-кешек,

оқу-құралдармен көмектесті.

Атап айтатын болсақ осы акцияға

демеуші болған жеке кәсіпкерлер; ТО «Сараба-Астык», Жеке ШҚ «Айнур», Жеке

ШҚ»Самғау» ерекше көмектерін көрсетті. ШҚ»Самғау» мектебімздегі жетім бала

Агубаева Еламанға ақшалай көмек көрсетті. Косоноговтар отбасына мектеп формасын

алуға осы жеке шаруашылық басышалары ақшалай көмек берді. Акция нәтижесінде

оқушылар мектеп табалдырығын аттауға толық мүмкіндік алды

Мектепте барлық мұғалімдер

өздеріне жауапты етіп бекітілген микроаудандарда рейдтер жүргізіп, рейд

нәтежесін арнайы журналдарға түсірді.

1.    

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық

тәрбие\

Қыркүйек айында: 

  2016 жылдың 1 қыркүйегі күні мектепте “Білім күні”

салтанаты өтті. Барлық сыныптар қатысып, мерекенің жоғары

дәрежеде өтуіне ат салысты. Мерекелік

салтанат «Мен Өз Отанымның патриотымын!» «Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізумен жалғасты.    

Қазан айында: 

Қазан айының басынан “Қарттарым

асыл қазанам” атты қартарға көмек көрсету айлығы басталды. Айлық барысында:

-        

Жас Ұлан өзін - өзі

басқару ұйымының тимур командасы 5 оқушыдан бөлініп әкімшілік тарапынан бізге

бөлінген қарттарға барып қажет деген көмек көрсетті. Мектеп оқушылары

«Қарттарым аман сау жүрші» атты ауылымыздың мәдениет ошағында өткен мереклік

концертке өз үлестерін қосып, ата-әжелеріне өз өнерлерін көрсетті. Ауылымыздың

әкімшілігі мектеп зейнеткерлерін шақырып сый – сыяпат көрсеттік.

Желтоқсан айында: Біздің мектепте қараша айының 21-шы жұлдызынан бастап «1-желтоқсан Тұңғыш

Президент күні» атты  іс-шарлар

өткізілді. Онда апта бойы Елбасымызға арналған 

«Сегіз қырлы, бір сырлы», 

«Избранный», «Н.Ә. Назарбаеватың феномені», «Галстуксыз үлкен саясат»,

«Нұрсұлтан: үлкен ойын»атты деректі  видио фильмдер көрсетілді. Бастауыш сыныптың

мұғалімдері Силам , Агаева Л.А,  Ержан А«Біздің

Елбасы» атты сынып сағаттарын өткізсе, жоғары сыныптың  сынып жетекшілері Силам Е, Зейнел М, Шишкина

Г.С, «Елін сүйген,  елі сүйген Елбасы»

тақырыбында  өткізді. Мектебіміздің

кітапханашысы Абельдинова А.М ««Елбасы күні елдікке құрмет»» атты тақырыпта

көрме ұйымдастырды. Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұймының көшбасшылары «Менің елім,

Менің Президентім» атты дөңгелек стол өткізді. «Қазақтың тұңғыш

Президенті» атты тақырыпта шығармалар сайысы өтті. Ең үзік шығарма

Аймақ ұлы Қазыбектің шығармасы болды. Оны аудандық газет «Аршалы айнасында»

жіберіліп, мақала болып басылып шықты.

 

Қазастан

Республикасы   тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  25-тақырыптық күнді өткізу аясында (21 қарашадан 15 желтоқсан аралығында)

жоспар  құрылып,   жоспарда көрсетілген бағдарламалар 

күнделікті  өткізіліп  отырды.  2016 жыл 21 қарашадан бастап

мектепте  жалпы безендіру  жұмыстарына оқушылар мен мұғалімдер 

ат салыса кірісті.

1. 21

қараша – ҚР Конституциясы күні атауымен мектебімізде орыс

сыныбының тарих пәнінің мұғалімі Орумбаева Ш.К «Знание атрибутов

государственности» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында дөңгелек стол өткізді

2. 22 қараша-Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Рәміздер күні мектебімізде кітапханашы Абельдинова А.М кітапханада

тақырыптық сөре  ұймдастырылды.

3. 23 ноября – Государственная граница. күні 5 орыс сыныбының

жетекшісі Шишкина Г.С «Государственная граница и государственная территория»

атты сынып сағатын өткізді.

4. 24 ноября - 

Государственный язык атты атаумен 

Семиношко О.А 5-8 орыс сыныптар арасында «Язык – мост дружбы» атты

викторина ойынын өткізді.

5. 25 ноября – Глабальные инициативы. Сейдахметова Д.Ж 8-11

орыс сыныптар арасында «Нурсултан 

Назарбаев: глабальные

инициативы мира и согласия » атты дөңгелек стол өткізді.

6. 26 ноября – Гражданское общество.  Бастауыш сынып мұғалімдері Ержан А, Келімбетова Г.К сынып

сағаттарын өткізді. 3асыныбының жетекішсі Ержан А «Мен және заң»

атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Келімбетова Г.К «Я и закон» тақырыбында сынып

сағатын өткізді.

7. 27 қараша мен Тәуелсіз елімнің суретін

саламын атты 1-4,5-6 сыныптар арасында сурет сайысы өтті.

8. 28 қараша Ұлттық теңге күні бастауыш сынып мұғалімі

Ротермиль Л.С мен Шукенова Н.А сынып сағаттарын өткізді.

9.29 ноября – Безъядерный мир атауымен әсери дайындық

пәнінің мұғалімі Амантаев Т.С. 9-11 сыныптар арасында «Ел қорғауға

әзірміз!»атты әскери-спорттық ойындар өткізді.

10. 30 қарашаҰлттық тарих

«Ұлы Дала Елі» атты атаумен бастауыш сынып мұғалімі Силам Досжан 2-4 сыныптар

арсында «Отаным десең...Ұлы дала Елі» атты іс-шара өткізді.

11. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мектебімізде барлық сыныптарда сынып сағаттар өтті.

Кітапханашы Абельдинова А.М «Дәуірдің дара тұлғасы»атты көрме өткізді.

12. 2 желтоқсан Отбасылық құндылықтары. Еңбек пәнінің мұғалімі

Абил Н «Отбасы тәрбиесі қоғам негізінің бастауы» тақырыбында дөңгелек стол

өткізді.

13. 3 желтоқсан Дені сау Ұлт. Мектебімізде «Тәуелсіздік

бастау  -Желтоқсан» атты сынып сағаттары өтті.

14. 4 желтоқсан – Спорттағы жетістіктер. Мектебімізде аудан

бойынша барлық мектептердің қатысуымен қыздар арасында турнир өтті. Оған

мектебіміздің волейбол командасы І орын иеленді. Волейболдан Ақкөл ауданынды

өткен жарыста қыздар командасы І орын иеленді.

15. 5 декабря – Общество Всеобщего Труда

Бастауыш сынып

мұғалімдері Шукенова н. Мен Агаева Л.А «Еңбек етсең ерінбей» атты сынып

сағаттарын өткізді.

16. 6 декабря – Культура и духовность. Мектебіздің 2 сынып оқушыларын Жас Қыранға 5-сынып

оқушыларын Жас Ұлан ұймына қабылдап салтанатты жиын өткіздік. Оқушылар Жас Ұлан

ұйымыны қабылдана отырып ант берді. Мектебіміздің аға ұстаздары оқушыларға

галустктер мен төлбелгілер тақты.

17. 7 желтоқсан - Нұрлы жол. «Нұрлы жол -  болашаққа бастар жол» тақырыбында Мүсілім

Есенжан 9-сынып оқушыларымен дөңгелек стол өткізді.

18. 8 желтоқсан – Нұрлы Болашақ. Мектеп тәлімгері Өней А

мен ЖасҰлан ұйымының көшбасышлары «Нұрлы Болашақ» атты след өткізді.

19.  9 декабря - Образование        7-сынып

жетекшісі Ауғанбай Жұмай «Желтоқсан жаңғырығы» атты дөңгелек стол өткізсе

мектебіміздің кітапханашысы Абельдинова А.М «Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап

көрмесін ұйымдастырды.

20. 11 желтосқан – Жасыл технология ЭКСПО   аясында география пәнінің

мұғалімдері Зейнел М мен Кузубаева Г.О «ЭКСПО-2017 Жасыл технологиясын қалай

түсінеміз?» атты әңгіме өткізді.

21. 14- желтоқсан – Астана. тақырыбында Амангелді М

мен Өней А «Жан жүрегім - Астана»  патриоттық өлеңдер сайысын

өткізді. Осы сайыста жеңіп шыққан оқушылар 3 сынып оқушылары Манарбек А мен

Айдос Б, 9-сынып оқушылары Еркежан Т мен Талғат .С ауданда өткен патриоттық

әндер сайысына қатысып, дипламдар мен  мақтау қағаздармен

марапатталды. Мектебімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап «Астана - Тәуелсіз

еліміздің бойтұмары!» атты мерекелік концертпен аяқталды.

22. 15 желтоқсан «Мәңгілік Ел» құндылықтары

күні тарих

пәнінің мұғалімі Силам Еркежан «Мәңгілік ел- патриоттық актісі» атты сабақ

өткізді. оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар б

елсенді қатысты.

Осы Қазақстан

Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арнап жасалған жоспар шетте

қалған жоқ. Жазылған  бағдарламалардың барлығы  орындалды.

 

2.    

Рухани-адамгершілік тәрбие \ Духовно-нравственное

воспитание

18 қазан –

Рухани келісім күніне орай Сарыоба орта

мектебінде «Рухани келісім - халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбымен

іс-шаралар жоспары құрылды. Мақсаты – оқушыларға Қазақстандағы этносаралық

келісім мен татулық маңызын түсіндіре отырып, қазақстандық патриотизмге

тәрбиелеу.

Қазақстанда

Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылдан бастап атап өтуде. 1992

жылы 18 қазанда Алматыда Әлемдік Рухани

Келісім конгрессінің бірінші сессиясы

болып өтті. Сол уақыттан бастап 18 қазан- Рухани Келісім Күні деп жарияланды,

бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий

күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен

жақынына көмек күні деп таныды.

Аптаның

алғашқы күнінде дінтану пәнінің

мұғалімі Силам Е,

«Қазақстанда тыйым салынған діни бірлестіктер»

атты 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді

Халықаралық қатынастарда діни экстремизм мен терроризмнің өте қауіпті

екенін әр баланың санасына берік бекіту мақсатында барлық  сыныптарда

“Терроризм мен экстремизм” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді..

Сонымен қатар,

мектеп кітапханасында ашық есік апталығы жарияланды. Оқушылар апта бойы 

кітапханашы Абельдинова А.М, «Рухани бірлік –бейбітшілік пен келісім негізі»

тақырыбында дайындаған кітап

көрмесін

тамашалауға мүмкіндік алды. Абельдинова А.М, келген оқушыларға көрменің мақсаты

мен міндеттері, негізгі тақырыбын ашып баяндап отырды. Көрмені тамашалауға

барлығы 20 жуық оқушы келді.

Бейсенбі күні

Өней А., 9-11 сынып оқушылары арасында «Дүниежүзі

діндерінің қазіргі қоғамдағы ролі »тақырыбында

конференция өткізді. Барлығы 30 оқушы қатысты. Негізгі мақсаты оқушылардың діни

ұстанымдарын, көзқарастарын қалыптастыру. Қоғамдық ортада өзге

діни теріс

ағымдардың жетегіне кетіп қалмаудың алдын алу. Оқушылар өздерінің пікірлерімен

бөлісіп, талқылап отырды. Презентация көрсетіліп, негізгі ұғым мен мәлімет

алды.    

Оқушыларға

апта бойы жүргізген іс-шаралардың нәтижесін қорытындылау мақсатында, 9-11 сынып

оқушылары арасында «Оқушылар арасында «Дін жане

сен» тақырыбында тест жұмысы жүргізілді.

 

 

3.    

Ұлттық тәрбие бағыты

Апталық:  

Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай  «Өз

тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін»

тақырыбында онкүндік өтті. Жауапты мұғалімдер белгіленген мерзім бойынша

іс-шаралар өткізді. “Тілдер мерекесі” онкүндігі алдын-ала жасалған жоспар бойынша өтті.

Гуманитарлық ӘБ жеткшісі Ауғанбай Ж оқушыларды тіл мерекесімен қазақша

құттықтаса, орыс тілі пәнінің мұғалімі Шынар Қанатовна орысша, ағылышын тілінің

мұғалімі Умбетов Асылбек ағылшынша құттықтап мерекенің ашылу рәсімін бастады.

Ары қарай жоғыры сынып оқушылары 5–11 сыныптар «Шалқан» ертегісін үш тілде

ойнады. Қазақша, орысша, ағылшын тілінде ойнаған ертегі қызықты болды. .Бұл

байқау «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін»  деп аталды.

- Бастауыш 1 – 4 сыныптар Силам Д. «Самға тілім талма»атты тақырыпта алтын

қақпа ойынын өткізді.  «Өз тілің бірлік

үшін – өзге тіл тірлік үшін» атты қабырға газеттер көрмесі болды, Онкүндіктің

соңында 5 – 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл тұмар – бір шынар!»

тақырыбында кітап көрмесін кітапханашы Абельдинова А.М ұйымдастырды.

4. Отбасы тәрбиесі

Отбасы күніне арналған

іс-шаралар жоспарланды. 1-4,5-6 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» атты

сурет сайысы өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты. Олар

ерекше ықыласпен салған суреттерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Ең үздік

салған сурет Нагибат Аякөз мақтау қағазымен марапатталды. Басқа да

оқушыларға  2-3 орындар берілді.

Сыныптарда «Тәрбие бастауы -

отбасында!» атты сынып сағаттары өтті.

  2016 жылдың 10 қыркүйегінде Сарыоба орта мектебінде 1 сынып

ата-аналарына арналған 

конференция өтті. Конференцияға 1 сынып оқушыларының ата-аналары

қатысты.

      

Конференция мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын,

балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Ата-ананың балаға деген

сүйіспеншілігін байқау, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу,

көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу. Конференция барысында  тәрбие ісінің меңгерушісі

Амангелді М. ата-аналарды жылы шыраймен  қарсы алып, конференция 

барысының өтуімен таныстырып, қасқаша мағлұмат берді.

1-сынып жетекшісі Шукенова Н.А Конференцияда ата-аналарға  әке-ана туралы

бейне роликтер көрсетіліп, баланың мектепке

дайындығы туралы кеңестер айтылып, тренинг жүргізілді.

 Ата-аналар өздерін еркін ұстап,  өз ойларын ашық түрде ортаға

салып, ата-ана тарапынан ұсыныстар айтылды.  Ата-аналар белсенділік

танытып, конференциядан алған әсерлерімен бөлісті.

 

5.Еңбек,

экономикалық және экологиялық тәрбие

 

Қыркүйек айының басынан мектебімізде «Таза ауыл, таза аула» акциясы

өткізілді. Әр бейсенбі сайын мектеп ауласын жапырақтардан тазарттық. Көлдің

жағалауын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Мектептің маңында қурап

тұрған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Әр апта сайын мектеп ауласы

тазаланып отырды. Қураған жапырақтарды жинап өртеді.

6.Көп мәдениетті

және көркем-эстетикалық тәрбие

2016 жылғы мектептің жалпы жоспары бойынша мектебімізде

оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін төмендегідей үйірмелер жұмыс жасайтын

болды.

Волейбол

Баскетбол

Асық ату

Тоғызқұмалақ

Шахмат  спорт

секциялары құрылып, жоспары мен кесте бойынша өз жұмысын бастады. Ал мектепте

“Отантану”, «Елтану», «Жас тілші» “Шебер қолдар”, «Үш тілді үйренейік»,

«Информатика әлемі» үйірмелеріне қатынасатын оқушылардың тізімі алынып, алғашқы

сабақтарын да өткізді.

Барлық секциялар мен үйімелердің жоспары

тексеріліп,бекітілді.

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

    Мектептің “Жас Ұлан” ұйымы басшылығымен

өзін - өзі басқару күні өтті. 9-11 сынып оқушылары сабақ кестесі бойынша барлық

сабақтарды өткізді.

     «Ұстаз

– ұлы тұлға» тақырыбындағы мерекелік салтанатта оқушылардың көп дайындығы

байқалды. Ұстаздарын құттықтап қабырға газеттер шығарды.

     «Біз мұғалімдерді мақтан етеміз»

тақырыбындағы шағын шығарма жұмыстарында 1 -4 сынып оқушыларының балғын ойлары

мен ұстаздарына деген тілектері, жоғары сынып оқушыларының құттықтау сөздері

жанға жылы тиіп жатты.

    Бұл атаулы күн

мұғалімдерге арналған мерекелік концертпен аяқталды.

8.Дене тәрбиесі,

салауатты өмір салты

10 қыркүйек

күні Сарыоба орта мектебінде денсаулық күні жоспарлы түрде өткізілді. Жоспар

бойынша барлық сыныптар мектеп алаңында сапқа тұрып денсаулық күніне арналған

шағы салтанатты ашылуға қатысты. Одан кейін барлық ұстаздар мен оқушылар

флеш-моб биіне қатысып, көңілдерін біршама көтерді. Денешынықтыру пәнінің

мұғалімдері Букин Е.К пен Жұмай Айбек денсаулық күнінің өтілу жоспарын

таныстырды.

 Бастауыш 1-4 сыныптар арасында ұлттық ойын

асық атудан жарыс ұйымдастырылды. Жоғары 5-11 сыныптар арасында спорттың әр

түрінен жарыс өтті. Атап айтатын болсақ ұзындыққа секіру, прес жасау, орынынан

отырып тұру, т.б спорттық ойындар өтті.

«Салауаттылық

– саулық негізі» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.« Тәрбие сағатының

мақсаты: оқушыларды өз денсаулығына күтім күтім жасай білуге тәрбиелеу,

гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды

заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. «Денсаулық» құндылығы туралы

түсініктерін кеңейту.

Іс-шараның

соңында жеңіске жеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жоспарланған

барлық жұмыс ойдағыдай орындалды.

 

 

 

 

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст