«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отаным десем... Ұлы Дала Елі

30.01.2017

Сабақтың тақырыбы: Отаным десем... Ұлы Дала Елі

Мақсаты:

   Оқушыларға қазақ

халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін

түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, нақыл сөздер,

суреттер

І.Ұйымдастыру бөлімі

. Сабақ Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен басталады.

    «Жемісті

тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда. Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай

жасау әр адамның ең елеулі борыштарының бірі. Тәрбие ошағы – мектеп. Тәрбиенің

ауданы кең, түбі терең. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де

болмақ емес…»  «Мәңгілік ел» туралы

мағұлмат бере кету.

   “Мәңгілік ел”

идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр

бұрын Тоныкөк абыз  “Түркі жұртының

мұраты – Мәңгілік ел ”-деп өсиет қалдырған.

Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекетіміздің тамыры

сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең

ететін-Елдің бірлігі.

2-сынып оқушылары: Нағибат Айбек, Құмарбекқызы

Аружандардың орындауында «Қыдырып қайтайық» әні.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

   Сіздерді еліміздің ең ұлық той

Тәуелсіздіктің-25 жылдық  мерекесімен  құттықтаймын! Қазақтың батыры Бауыржан

Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген. Өйткені Отан-

қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық

борышымыз. Қазақстан Республикасының туған күні қазақ тарихына алтын әріппен

жазылды.

1 Жүргізуші:

Аңсап халық көп күткен

Егеменді ел болдық

Көңіл – күйі тоқ жұртпен

Тереміз тең болдық

Асқақтатып саз, әнге

Сал өнерпаз кіл дүлдүл.

16-желтоқсан

Тәуелсіздік күні бұл!

2 Жүргізуші:

-Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер- білім, өркенім.

-Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

Мұғалімнің сөзі:

Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында

Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи

Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі

тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып

жатқанының айқын дәлелі.

Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында. Мұғалімнің

сөзі:

Туым- теңдігім,

Елтаңбам- елдігім,

Әнұраным- айбыным! – демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен

әнұраны бар.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

І бөлім:  Өз елім-өзегім!

Ортаға әрбір сыныптан оқушылар шығарылып, сұрақтарға

жауап береді.

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жылы 16

желтоқсан)

2. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

3. Алтын адам қай жерден табылған? (Есік қаласынан)

4. Парижге барып ән салған әнші кім? (Әміре Қашаубаев)

5. «Жеті жарғының» негізін салған хан кім? (Әз Тәуке хан)

6. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (ХV ғасыр) Мұғалімнің сөзі:

ІІ Қазақ

хандығы туралы не білеміз?

Біржан Дина:

Хамитбек

Мұсабаев,  ҚР Мәдениет қайраткері. «Тәуелсіздік толғауы»

Ел болып шырқар

–басты әнім,

Ел болып жырлар

–дастаным.

Бір өзің десем,

артық па?

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ !

Тағдырдың бұл да

бергені,

Көз жасымызды

көргені.

Көрген жоқ қазақ

мұндай той,

Бұл дүниеге

келгелі.

Қайран да

қалдық...Таңқалдық,

Содан соң барып

аңғардық.

Осынау күнге

жеткенше,

Аз шалдық пе екен,

құрбандық?!

Мұхиттай болып

мұң-шерлер,

Аз төгілді ме,

қан-селдер?!

Азаттық үшін

алысып,

Еңіреп  кетті қанша ерлер...

Асылдың анық

–азбасы,

Тектінің анық –

тозбасы

Жеткізген бізді бұл

күнге,

Солардың қаны

...Көз жасы!

Трефилов Максим

Олар кімдесең?

Алаулар!

Көгінде елдің жалаулар

Хандардың ханы-Абылай мен

Данышпан Бұқар жыраулар!

Олар кім десең?

Жабелер!

Ақылға, ойға кемел ер,

Алаштың айтқан билігін,

Әйтеке, Қазыбек, Төлелер

Жолдыбаев Өмірбек:

Олар кім десең?

Қырандай-

Ерлігі болған ұрандай!

Қанжығалы қарт Бөгенбай!

Қаракерей Қабанбай!

Олар кім десең;

Туы көк,

Жүрегі жалын, мұңы кек!

Төрт тіректің біреуі

Марқасқа шақшақ Жәнібек!

Олар кім десең;

Жалбыздай...

Өтеалмас аттап, дәм тұздай

Исатай, Сырым, Махамбет,

Кенесары мен Наурызбай!

Хидир Рыздых:

Олар кім десең;

Имандар

Ел үшін жанын қиғандар

Кенесарымен бір барып,

«Кекіліктауда» қалғандар!

Олар кім десең;

Шоқандар!

Әйгілі Ақаң, Жақаңдар

Алаштың туын көтерген,

Әлихан сынды атандар!

ІІІ бөлім: Отаным

десем...

№1

таныстырылым

Терлікбай Анеля: Ермек Өтетілеуұлы «Менің-елім!»

Алматы – жері жайсаң облыс,

Ақтөбе – өлке, ақ тарысы – мол ырыс.

Атырау – мол Қазақстан мұнайы,

Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы.

Елеусізұлы Тілендік:

Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетау – көп көгілдір аймағы.

Қарағанды – қара алтынның қоймасы,

Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы.

Ерболқызы Ботагоз:

Қызылорда – күрішті Сыр сағасы,

Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

Өскемен – өр, шығыста Алтай аясы,

Кереку – Қара Ертістің саясы.

Агубеава Асмира:

Қызылжар – солтүстігім орманды,

Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғаны.

Талдықорған – жер жаннаты, көп бағы,

Ақмола – арқада астық алқабы,

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.

Еркежан Бірғаным:

Б. Ысқақ «Қазақстан-Отаным»

... «Ақ,

қара» деп, алдымен

Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер салтымен

Таңғалдырған ғаламды.

Байлық шашқан сияқты

Жер бетіне нұр таңым.

Құшағың кең шуақты

Қазақстан – Отаным!

2 сынып

оқушылары. Шығыс биі

Мұғалімнің сөзі:

Туым- теңдігім,

Елтаңбам- елдігім,

Әнұраным- айбыным! – демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен

әнұраны бар.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Отан туралы өлеңдерімен ортада 2 сынып

оқушылары өнерлерін көрсетеді.

Ортаға әрбір сыныптан оқушылар шығып, Отан туралы мақал-мәтел

айтады.

1. Үйіңде атаңның намысын қорға,

     Шет жерде Отаныңның намысын қорға.

2. Отаны бардың оты өшпес.

3. Өзге елде сұлтан болғанша,

    Өз еліңде ұлтан бол.

4. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

5. Халықтың ортақ үйі – Отаны.

6. Отан оттан да ыстық.

7. Жері байдың елі бай.

8. Ердің сыншысы – халық.

9. Туған жерге туың тік.

10. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Мұғалімнің сөзі:

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел президентін

сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын

қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз

тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз– деп

бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған танымдық сабағымызды

аяқтаймыз.

Бәрі бірге:

Асыл өлкемерекше,

Қазақстан мекенім,

Бәрімізге белгілі,

Сенің қандай екенің!

Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам қуана.

Желбірейді көк туым,

Төбемізді мәңгілік!

4-сынып оқушысы: Терлікбай Анеля Жомартқызының орындауында «Қазақстан-Отаным»

әні.

 

 

      

          

 

            

   

Пайдаланған әдебиет

 

1. Интернет ресурсы

2. Сөз мәйегі. (қазақ мақал-мәтелдері) ҚЭ 2007 ж.

3. «Ана тілі» газеті. №21 (3411) 2013 ж.

 

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст