
Құрметті сайт қонақтары!!!
Құрметті, "Жалпы білім беретін Сарыоба орта мектебі"ММ сайт қонақтары. Мен сіздерді балалар, ата-аналар, мұғалімдер және қонақтар үшін құрылған біздің сайтта көргеніме қуаныштымын .Біздің оқу орнымызбен танысу Сіз үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты болады деп үміттенемін.Біз оқушыларға толыққанды, сапалы білім беруге, біздің мектепті оқу үшін қолайлы етуге тырысамыз. Бізде өз ісін жақсы көретін, өз кәсіби деңгейін үнемі арттыратын білікті педагогтар жұмыс істейді. Біз мектепті дамытып, оны жақсы және әдемі етуге тырысамыз. Көп нәрсе жасалды, әлі де көп нәрсе істеу керек. Біз қойылған міндеттерді орындай алатынымызға және көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз. Құрметпен "Жалпы білім беретін Сарыоба орта мектебі" ММ директоры Даирова Гүлнар Сапарқызы
13.10.2025
Қазақстан Республикасы күніне арналған 8-10 сыныптар арасындағы облыстық "Жас тарихшылар"мен өлкетанушылар форумының аудандық кезеңінде 11 сынып оқушысы Табысхан Балдаурен "ТУҒАН ӨЛКЕ-ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ"номинациасында 3 орын иеленді. Жетекшісі: Силам Еркежан. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
01.10.2025
2025 жылдың 1қазан күні полиция майоры Балкибеков Бағлан Нұрланұлы мектебімізде «Қылмыс пен есірткіге қарсы күрес», «Жастар арасындағы қылмыс пен тәуелділік», «Жол қозғалысы ережелері», «Буллинг», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі», интернет алаяқтары тақырыптарында ата-аналар мен мұғалімдерге профилактикалық әңгіме өткізді.
01.10.2025
2025 жылғы 1 қазан күні мектебімізде оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
23.09.2025
Дене шынықтыру – денсаулық кепілі!
Мектебімізде әр аптаның сейсенбі күні оқушылармен бірге таңғы жаттығу өткізу дәстүрге айналды. Бұл шара балалардың бойына сергектік пен салауатты өмір салтын сіңіруге бағытталған.
Таңды белсенділікпен бастаған оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі, сабаққа деген ынтасы...
01.09.2025
"Мектебім – мейірім мекенім" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мектебімізде "Мектебім – мейірім мекенім" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған шарада оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар жарқын көңіл-күймен жиналды. Алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын...
03.06.2025
"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай көңілді мерекелік іс-шара өтті.
"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай көңілді мерекелік іс-шара өтті. Балалар ән шырқап, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, ерекше көңіл күй сыйлады. Ауылымыздың кәсіпкерлері мен дүкен иелері демеушілік танытып, балаларға тәттілер мен...
30.05.2025
Аршалы кентіндегі №2 жалпы орта білім беретін мектептің акт залында дарынды балалардың аудандық слеті өтті. Республикалық, және облыстық оқушылар арасындағы олимпиадалар және конкурстардың жеңімпаздары аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы атынан балаларды аудан әкімі орынбасары Әсілов Сәкен Мұратбекұлы құттықтады.
12.05.2025
1- Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні".
1- Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні".
мектебімізде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында әр ұлт өкілдерінің биі, әні мен ұлттық өнері сахна төрінде көрініс тапты.
Оқушылар әртүрлі...
24.04.2025
23 сәуір – Ұлттық кітап күні Үкімет қаулысымен 2024 жылы елімізде жаңа мереке 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді.
10.04.2025
Бүгін мектебімізде таза бейсенбілік өтті! Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері бірлесе отырып, мектеп ауласын тазарту жұмыстарын жүргізді. Табиғатқа деген қамқорлық, тазалық пен тәртіпті сақтау әрқайсымыздың міндетіміз.